БОКСТРЕНДТЕ

Абылайхан Жүсіпов тұңғыш рет әлем чемпионы атанды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Абылайхан Жүсіпов (71 келі) алтын медаль жеңіп алды.

Финалда ол ресейлік Сергей Колденковпен жұдырықтасты. Алғашқы екі раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен Абылайхан 4:1 есебімен басым түсті. Шешуші раундта да отандасымыз сенімді өнер көрсетіп, жеңісті уысынан шығарған жоқ.

Осылайша Абылайхан Жүсіпов кәсіби мансабында алғаш рет әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін ол 2017, 2019 және 2021 жылдардағы әлем чемпионаттарында қола жүлде иеленген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button