ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Владислав Киреев Әлем кубогы кезеңінде тағы да із кесу жарысына өтті

Қазақстандық биатлоншы Владислав Киреев Әлем кубогының кезекті кезеңінде ұпай жинап, маусымда екінші рет із кесу жарысына жолдама алды.

Австрияның Хохфильцен қаласында өткен 10 шақырымдық спринтте Киреев бір мәрте мүлт кетіп, 33-орынмен мәреге жетті. Бұл нәтиже оған сегіз ұпай әкелді. Қазіргі таңда қазақстандық спортшының жалпы есептегі ұпай саны 14-ке жетті.

Осы спринт қорытындысы бойынша із кесу жарысына тағы бір қазақстандық биатлоншы – Әсет Дүйсенов те өтті. Ол 53-орынды иеленді. Ал Вадим Куралес 97-нәтиже көрсетті.

Жарыста италиялық Томмазо Джакомель жеңіске жетті. Күміс жүлде франциялық Эрик Перрогеге бұйырса, қола медальді Германия өкілі Филипп Хорн иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button