ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Надежда Морозова Хамардағы Әлем кубогында күміс жүлде еншіледі

Қазақстандық конькимен жүгіруші Надежда Морозова Норвегияның Хамар қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде 1500 метр қашықтықта күміс медаль жеңіп алды.
Морозова мәреге 1:54.98 нәтижесімен екінші болып жетті. Бұл қашықтықта жапониялық Михо Такаги 1:54.95 уақыт көрсетіп, жеңіске жетсе, қола жүлде норвегиялық Рагне Виклундқа бұйырды — 1:55.18.
Аталған бағдарламада Қазақстан атынан тағы бір спортшы Елизавета Голубева жарыс жолына шығып, 1:56.84 нәтижесімен сегізінші орынды иеленді.



