
13–14 желтоқсан күндері Астана қаласында Қазақстан бокс федерациясы Кубогының финалдық кезеңі өтеді.
Жалпы жүлде қоры 150 000 АҚШ долларын құрайтын бұл жоба аймақтарда боксты дамытуға және бәсекелестікті арттыруға бағытталған.
Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша шешуші сынға Астана және Шымкент қалаларының, сондай-ақ Қарағанды мен Маңғыстау облыстарының командалары жолдама алды.
13 желтоқсанда ерлер мен әйелдер арасында жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді. Барлығы 15 салмақ дәрежесінде кездесулер ұйымдастырылады. Ал 14 желтоқсанда үшінші және бірінші орындар үшін жекпе-жектер жоспарланған.
Турнир Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде өтеді.
Жарыстың басталу уақыты:
-
13 желтоқсан — сағат 11:30
-
14 желтоқсан — сағат 12:00



