
Словенияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы кезекті ойында ірі жеңіске қол жеткізді.
Үшінші турда ұлттық құрама Франциямен кездесіп, қарсыласын 14:6 есебімен тізе бүктірді.
Ойынның басы біздің команда үшін сәтсіз басталды. Бірінші кезеңде Франция 2:0 есебімен алға шықты. Қазақстандық хоккейшілер кезең соңында бір шайба соғып, есеп айырмасын қысқартты.
Екінші кезеңде ұлттық құраманың қарқыны күшейіп, бес шайба соғылды. Оның төртеуі Қазақстанның еншісіне жазылды.
Үшінші кезеңде Антон Васиннің шәкірттері басымдықты толық өз қолына алып, бірден тоғыз гол енгізді. Франциялықтар үш шайбамен ғана жауап бере алды.
Келесі матчта Қазақстан құрамасы Норвегия командасымен кездеседі.



