БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Геннадий Головкин «Динамо» спорт қоғамының 100 жылдық мерейтойына қатысты

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты. Іс-шара Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті.

Мерейтой аясында «Динамо» чемпиондар лигасы ұйымдастырылып, Қазақстан құрамасы мен Халықаралық үйлестіру кеңесінің командасы бірнеше спорт түрінен бақ сынады. Сондай-ақ қоғамның ғасырлық тарихына арналған арнайы концерт қойылды.

Тәуелсіздік жылдарында «Динамо» спортшылары 65 Олимпиада медалін иеленді. Әр жылдары Геннадий Головкин, Елдос Сметов, Ольга Шишигина, Дмитрий Баландин, Данияр Елеусінов, Юлия Галышева, Денис Тен, Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибраимов, Александр Винокуров, Бахтияр Артаев және басқа да спортшылар Олимпиада тұғырына көтерілді.

Сонымен қатар қоғам дене шынықтыру мен спортты дамытуға, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға ерекше мән беріп келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button