ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстанның U19 және U17 құрамаларының іріктеудегі қарсыластары белгілі болды

Футболдан Қазақстанның жастар құрамаларының еуропалық іріктеу кезеңдеріндегі қарсыластары анықталды.

Қазақстанның U19 құрамасы жеребе қорытындысы бойынша 5-топқа түсті. Бұл топта ұлттық команда Украина, Румыния және Солтүстік Ирландия құрамаларымен сынға түседі. Топтық кезең матчтары 2026 жылдың 25–31 наурыз күндері Румынияда өтеді. Элиталық кезеңге жолдама алған 28 команда жеті топқа бөлінген. Әр топтың жеңімпазы 2026 жылдың 28 маусымы мен 11 шілдесі аралығында Уэльсте өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне қатысу құқығына ие болады.

Ал Қазақстанның U17 құрамасы А4 тобына түсті. Бұл топта қазақстандық жасөспірімдер Чехия, Австрия және Дания құрамаларымен ойнайды. Аталған іріктеу кезеңінде де тек топ жеңімпаздары ғана Эстонияда өтетін финалдық турнирге жолдама алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button