БАСҚАЛАРЫ
Астанада садақ атудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары белгілі болды

Елордада садақ атудан қысқы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Дәстүрлі дода Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылды.
Жарыс қорытындысы бойынша классикалық және блоктық садақ түрлерінен ерлер мен әйелдер арасында жүлдегерлер анықталды.
Классикалық садақ
Ерлер:
- Ильфат Абдуллин
- Александр Еременко
- Әлихан Мұстафин
Әйелдер:
- Мадина Заемова
- Самира Жұмағұлова
- Александра Воропаева
Блоктық садақ
Ерлер:
- Андрей Тютюн
- Егор Поляков
- Ақбарәлі Қарабаев
Әйелдер:
- Эльмира Раисова
- Виктория Лян
- Диана Юнусова
Чемпионат ел спортшыларының жаңа маусым алдындағы дайындық деңгейін көрсететін маңызды бәсекелердің бірі болды.



