ФУТБОЛ

Алматыда салынатын жаңа стадион 45 мың көрерменге лайықталуы мүмкін

Алматыда қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXXIX сессиясы өтті. Жиында қала әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистің 2026–2028 жылдарға арналған бюджет жобасын депутаттардың назарына ұсынды.

Әкімнің айтуынша, 2026 жылға арналған Алматының жергілікті бюджеті 2,8 трлн теңгені құрайды. Оның 850 млрд теңгесі экономикалық дамуды ынталандыруға бағытталса, жол және көлік инфрақұрылымын жетілдіруге де елеулі қаржы бөлу жоспарланып отыр.

Сессия барысында Дархан Сатыбалды қалада салынуы көзделген жаңа стадионға да тоқталды. Оның мәлімдеуінше, Президент тапсырмасына сәйкес халықаралық талаптарға сай спорт нысанының құрылысы жалғасады.

Қазіргі таңда стадионның жобалық сыйымдылығын 35 мыңнан 45 мың орынға дейін арттыру мәселесі қарастырылып жатыр. Нысанды 2027 жылдың соңына дейін толық пайдалануға беру жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button