ҚЫСҚЫ СПОРТ

Әлем кубогының соңғы іріктеу кезеңі: Хамарда ел намысын кімдер қорғайды

Норвегияның Хамар қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогының соңғы іріктеу кезеңі өтеді.

Аталған жарыста Қазақстан құрамасының 12 спортшысы ел намысын қорғайды. Ұлттық құрама сапына Нұралы Ақжол, Евгений Кошкин, Надежда Морозова, Роман Биназаров, Виталий Щиголёв, Артур Галиев, Александр Кленко, Никита Важенин, Арина Ильященко, Елизавета Голубева, Алёна Лифатова және Кристина Силаева енді.

Әлем кубогының кезеңі 12–14 желтоқсан күндері өтеді. Айта кетейік, Хамардағы дода – биылғы маусымдағы Әлем кубогының төртінші кезеңі әрі 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына іріктеудің соңғы жарысы болып саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button