БАСҚАЛАРЫ

Семсерлесуші Руслан Курбанов Канададағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа кірді

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Канаданың Ванкувер қаласында өткен Әлем кубогы кезеңіндегі жарыстарын аяқтады.

Жекелей сын бойынша ұлттық құраманың ең жоғары нәтижесін Руслан Курбанов көрсетті. Ол жарысты 10-орынмен аяқтап, үздік ондыққа енді.

Қазақстандық басқа семсерлесушілердің нәтижелері төмендегідей:

  • Кирилл Проходов – 26-орын
  • Никита Жулинский – 42-орын
  • Александр Федотов – 46-орын
  • Кирилл Павлов – 64-орын
  • Вадим Шарлаимов – 85-орын
  • Эльмир Әлімжанов – 118-орын
  • Алексей Касаткин – 161-орын
  • Ерлік Сертай – 180-орын

Командалық жарыста Қазақстан құрамасы 13-орынға тұрақтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button