
Шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының IА дивизионы аясындағы екінші ойында Қазақстан құрамасы Словениямен кездесті.
Матч барысында қазақстандық хоккейшілер қарсыласына бірде бір, бірде екі шайба айырмасымен жол беріп отырды. Дегенмен үшінші кезеңде есепті 4:4-ке жеткізіп, ойынды теңестіре алды.
Кездесу тағдыры буллит сериясында шешіліп, онда Әлішер Сәркенов шешуші соққыны дәл орындап, ұлттық құрамаға жеңіс әкелді.
Осылайша Қазақстан құрамасы Словенияда өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Енді Антон Васин шәкірттері келесі кездесуін 10 желтоқсанда Франция құрамасына қарсы өткізеді.



