ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Софья Самоделкина Хорватиядағы турнирде қола жүлде иеленді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Загребте (Хорватия) өткен халықаралық турнирді үшінші орынмен аяқтады.
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Софья жетінші орында тұрған. Дегенмен еркін бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, бірнеше сатыға жоғары көтеріле алды.
Жалпы есепте қазақстандық спортшы 182,63 ұпай жинап, қола медальға қол жеткізді.
Турнир жеңімпазы атанған америкалық Брэдди Тэннел 194,97 ұпай жинады. Екінші орын Финляндия өкілі Лида Кархуненге бұйырды, оның нәтижесі – 187,05 ұпай.



