
Қазақстандық теннисші Альбина Кәкенова 18 жасқа дейінгілер арасында Үндістанда өткен екі бірдей ITF Juniors 100 турнирінде чемпион атанды.
Алдымен ол тағы бір қазақстандық спортшы Сәтима Төрегенмен бірге Нью-Делиде өткен жарыста жұптық сында жеңіске жетті. Финалда қазақстандық дуэт ресейлік Ксения Ахрамеева – Ева Колядина жұбын 6:4, 6:4 есебімен ұтты.
Ал жекелей сында Альбина Кәкенова Пуне қаласында өткен турнирде де қарсыластарынан айқын басым түсті. Финалдық кездесуде ол үндістандық Диа Рамешті 6:2, 6:0 есебімен ойсырата жеңіп, чемпион атанды.
Айта кетейік, Альбина Кәкенова мен Сәтима Төрегеннің екеуі де 17 жаста.



