
5 желтоқсанда Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының отырысы өтті.
Жиын барысында қатысушылар 2025 жылғы жұмыс қорытындыларын шығарып, ұлттық құрамалардың халықаралық жарыстардағы нәтижелерін талқылады. Сонымен бірге алдағы маусымға арналған негізгі міндеттер мен даму бағыттары қарастырылды.
Отырыстың басты мәселелерінің бірі — федерация президентін сайлау болды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан күрес федерациясының жаңа президенті болып Еркін Оқасов сайланды.
Ол бұл қызметке өз еркімен кеткен Дәулет Тұрлыхановтың орнына келді.
Жаңа президент сайланғаннан кейін сөйлеген сөзінде күресті дамытуға бар күшін жұмсайтынын атап өтті.
«Күрестің туын түсірмей, қазақ спортын әлемге асқақтата беру үшін бар күш-жігерімді саламын. Сенім білдірген барша жандарға мың алғыс. Қолдауларыңыздың арқасында алдағы уақытта талай белестерді бірге бағындырамыз деп сенемін», — деді Еркін Оқасов.



