ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребесі тартылды

АҚШ астанасы Вашингтон қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңінің жеребесі өтті.

Дүниежүзілік додаға қатысатын құрамалар төрт себетке бөлінді. Қазіргі таңда чемпионатқа қатысатын 42 құрама белгілі, қалған жолдамалар 2025 жылы өтетін плей-офф матчтарында анықталады.

Топтар құрамы:

A тобы:
Мексика, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея, еуропалық С жолы плей-оффы (Дания / Солтүстік Македония / Чехия / Ирландия)

B тобы:
Канада, еуропалық А жолы плей-оффы (Италия / Солтүстік Ирландия / Уэльс / Босния және Герцеговина), Катар, Швейцария

C тобы:
Бразилия, Марокко, Гаити, Шотландия

D тобы:
АҚШ, Парагвай, Австралия, еуропалық С жолы плей-оффы (Түркия / Румыния / Словакия / Косово)

E тобы:
Германия, Кюрасао, Кот-д’Ивуар, Эквадор

F тобы:
Нидерланд, Жапония, еуропалық B жолы плей-оффы (Украина / Швеция / Польша / Албания), Тунис

G тобы:
Бельгия, Египет, Иран, Жаңа Зеландия

H тобы:
Испания, Кабо-Верде, Сауд Арабиясы, Уругвай

I тобы:
Франция, Сенегал, құрлықаралық өтпелі ойындар – 2 бағыт (Боливия / Суринам / Ирак), Норвегия

J тобы:
Аргентина, Алжир, Аустрия, Иордания

K тобы:
Португалия, құрлықаралық өтпелі ойындар – 1 бағыт (Жаңа Каледония / Ямайка / Конго ДР), Өзбекстан, Колумбия

L тобы:
Англия, Хорватия, Гана, Панама

Айта кетейік, әлем чемпионаты тарихында алғаш рет 48 құрама бақ сынайды. Әр топтан алғашқы екі орын иегерлері мен үшінші орын алған 12 құраманың ішіндегі үздік сегіз команда 1/16 финал кезеңіне жолдама алады.

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтіп, матчтар АҚШ, Канада және Мексика аумағында ұйымдастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button