
Найробиде (Кения) өтіп жатқан таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір жүлде жеңіп алды.
63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Тамерлан Тілеулес жарысты үшінші орынмен аяқтады. Жартылай финалда ол түркиялық Айдоган Хамза Османмен кездесіп, қарсыласына есе жіберді.
Бұл – Қазақстан құрамасының аталған чемпионаттағы екінші медалі. Бұған дейін 87 келіден жоғары салмақта Бейбарыс Қаблан чемпион атанған еді.



