БОКСТРЕНДТЕ

IBA әлем чемпионаты: қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды

Дубайда 3–13 желтоқсан аралығында өтетін Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) ұйымдастырған әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды. Турнир 13 салмақ дәрежесінде өтеді, жүлде қоры айтарлықтай жоғары: чемпиондар – 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер – 150 мың доллар, қола жүлдегерлер – 75 мың доллар, ал ширек финалға шыққан спортшылар 10 мың доллар алады.

Қазақстандық боксшылардың жекпе-жектері келесідей:

48 кг – Теміртас Жүсіпов
Гаурав Соланки (Үндістан) / Али Нгвандо (Танзания)

51 кг – Даниял Сәбит
Келвин Майна (Кения)

54 кг – Сәкен Бибосынов
Катего Кеорапетсе (Ботсвана)

57 кг – Оразбек Асылқұлов
Джозеф (Синт-Мартен) / Санчес Да Силва (Кабо-Верде)

60 кг – Серік Теміржанов
Эрдэнэбатын Цэндбаатар (Моңғолия)

63,5 кг – Ертуған Зейнулинов
Даваадал Алтангэрэл (Моңғолия) / Митч Ледерман (Аустралия)

67 кг – Санатали Төлтаев
Джеральд Кабинда (Замбия)

71 кг – Абылайхан Жүсіпов
Альфино Саезар (Индонезия) / Арарат Арутюнян (Армения)

75 кг – Сабыржан Аққалықов
Касилилика (Танзания) / Кузен (Сейшель аралдары)

81 кг – Ерасыл Жақпеков
Зоуграна (Буркина-Фасо)

86 кг – Дәулет Төлемісов
Рамон Батагелло Соуза (Бразилия)

92 кг – Нұрмагамед Юсупов
Навруз Джафоев (Тәжікстан)

92+ кг – Нұрлан Сапарбай
Вандаи Амир Эсмаили (Иран) / Иман Раамезанпурделвар (IBA-Pro)

Қазақстан командасы жүлде қоры мол додада жоғары нәтиже көрсетуге талпынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button