
WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен WBA тұжырымының чемпионы Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жектің трансляция құқығы белгілі болды.
Айқас 7 желтоқсанда таңғы 6:00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Бұл кездесуде боксшылар үш чемпиондық белбеуді сарапқа салады.



