
1 желтоқсанда Алматыда күрес түрлерінен ел чемпионатының бәсекелері басталды.
Жарыстың алғашқы күні грек-рим күресі шеберлері бозкілемге шықты. Алғаш болып 55, 63, 72, 77, 82 және 130 келі салмақ дәрежелерінде жүлделер сарапқа салынады.
Қазақстан чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Барлық кездесулер Almaty Arena спорт кешенінде өтуде.



