ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Кристина Шумекова жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Италияның Милан қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде екі бірдей алтын медальға ие болды.

Спортшы 1000 метр және 3000 метр қашықтықтарында қарсыластарынан оза шауып, топ жарды.

1000 метр нәтижелері:

  1. Кристина Шумекова
  2. Аяно Секигучи (Жапония)
  3. Ханна Мазур (Польша)

3000 метр нәтижелері:

  1. Кристина Шумекова
  2. Лике Хейзинк (Нидерланд)
  3. Цзяминь Цзян (Қытай)

Сонымен қатар нео-сеньорлар санатында өткен 1000 метрлік жарыста қазақстандық Дарья Важенина қола медаль иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button