
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс (әлемнің 283-ракеткасы) Қытайдың Чэнду қаласында өткен Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінде топ жарып, Аустралия ашық чемпионатына қатысу құқығын иеленді.
Финалда Дияс тайбэйлік Лян Эньшуомен кездесіп, екі сетте де 6:3, 6:4 есебімен қарсыласынан басым түсті.
Осы нәтижемен Зарина Дияс 2026 жылғы алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі — Аустралия ашық чемпионатына ресми түрде жолдама алды.



