
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде өтіп жатқан Grand Slam кезеңінде жүлдегер атанды. Ол 48 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін өткен шешуші белдесуде испаниялық Ева Перес Солерге қарсы шығып, тартысты кездесуде жеңіске жетті.
Осы нәтижемен Әбужақынова турнирдің үшінші орын тұғырына көтерілді.
Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде финалдық кезеңге өткен жалғыз қазақстандық спортшы Әбиба Әбужақынова болды.



