БОКСТРЕНДТЕ

World Boxing: 2026 жылғы Әлем кубогының кезеңдері өтетін елдер белгілі болды

Халықаралық World Boxing федерациясы 2026 жылғы Әлем кубогының кезеңдері өтетін елдерді жариялады.

Бірінші кезең сәуір айында Бразилияда өтеді. Маусым айына жоспарланған екінші кезеңді Қытай қабылдайды.

Финалдық кезең қараша айында Өзбекстанда ұйымдастырылады. Дегенмен жарыстың нақты күні мен өткізілетін қала кейін хабарланады.

Сонымен қатар алдын ала жарыс күнтізбесінде жаз мезгілінде өтетін U19 жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты да көрсетілген. Алайда бұл турнирдің өтетін орны әзірге белгісіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button