
Орта салмақта WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда WBA чемпионы Эрисланди Ларамен өтетін маңызды айқас алдында мәлімдеме жасады.
Боксшы өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Лараның деңгейін атап өтіп, жанкүйерлеріне нақты уәде берді.
Жәнібектің айтуынша, кубалық боксшы бұрын-соңды оның деңгейіндегі қарсыласпен жұдырықтаспаған.
«Лара менің деңгейімдегі боксшымен әлі жекпе-жекке шықпаған. Ол «Жәнібек менің деңгейімдегі ешкіммен жұдырықтасқан жоқ» депті. Бірақ мен де айта аламын — ол да менің деңгейімдегі қарсыласпен кездескен емес. Мен жыл нокаутын жасаймын», – деп жазды Әлімханұлы.
Жекпе-жек 6 желтоқсанда АҚШ-та өтеді.



