
«Копенгаген» қақпасына соққан голдың арқасында Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас гол авторларының алғашқы үштігіне кірді. Оның жасы – 17 жас 105 күн.
Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас футболшылар тізімі:
1. Ансу Фати – 17 жас 40 күн
2. Ламин Ямаль – 17 жас 68 күн
3. Дастан Сәтпаев – 17 жас 105 күн
4. Виктор Дадасон – 17 жас 113 күн
5. Джордж Иленихена – 17 жас 119 күн
Дастан Сәтпаев – Чемпиондар лигасында гол соққан алғашқы қазақстандық ойыншы. Бұған дейін турнирде тек «Астана» клубы өнер көрсеткенімен, голдарды тек легионерлер соққан (Твумаси, Аничич).
Биыл «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтіп, алғашқы голдарын Эдмилсон мен Офри Арад енгізді.



