
Дзюдодан Абу-Дабиде өтетін Grand Slam кезеңіне қатысатын қазақстандық спортшылардың соңғы тізімі жарияланды. Биылғы турнирде ел намысын 14 дзюдошы қорғайды. Олардың қатарында 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев та бар.
Ерлер құрамасы:
60 кг: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан
66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев
73 кг: Есет Қуанов
81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Азат Күмісбай
90 кг: Ермахан Әнуарбеков
100 кг: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров
+100 кг: Еламан Ерғалиев
Әйелдер құрамасы:
48 кг: Әбиба Әбужақынова
57 кг: Бақыт Құсақбаева
63 кг: Эсмигүл Куюлова
Grand Slam жарысы 28–30 қараша күндері өтеді.



