БОКСТРЕНДТЕ

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін көру уақыты мен арналары белгілі болды

Орта салмақта WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда Эрисланди Ларамен кездесу өткізеді. Үшінші әлем чемпионы атағын сарапқа салатын жекпе-жек АҚШ-тың Сан-Антонио қаласындағы Frost Bank Center аренасында өтеді.

Қазақстандық жанкүйерлер бұл жекпе-жекті Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тамашалай алады. Бокс кешінің тікелей эфирі аталған арналарда таңғы 6:00-де басталады.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы осы күні WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы, 42 жастағы Эрисланди Ларамен қолғап түйістіреді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button