
Қатарда өткен UFC Fight Night 256 турнирі аясында жартылай орта салмақтағы жаңа чемпион Ислам Махачев пен рейтингте төртінші орынға орналасқан қазақстандық Шавкат Рахмонов кездесті. Екі спортшы шаршы алаңнан тыс жерде жолығып, пікір алмасты.
Шавкат Рахмонов турнирде отандасы Асу Алмабаевты қолдаса, Ислам Махачев өз жерлестері Сайгид Изагахмаев пен Тагир Ұланбековтің жанынан табылды.
Сұхбат барысында Шавкат дивизионның бәсекелестік деңгейін атап өтіп, жақын арада Махачевпен жекпе-жек өткізу мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, дивизионда жаңа мықты қарсыластар пайда болып жатыр және жағдай үнемі өзгеріп тұрады.
Ислам Махачев те Рахмоновпен мүмкін жекпе-жекке қарсы емес екенін мәлімдеді. Ол Шавкатты Қатарда қарсы алғанын, құттықтау алғанын және қол алысып амандасқанын айтты. Алайда Махачевтің пікірінше, Рахмонов алдымен толыққанды қалпына келіп, октагонға қайта оралуы қажет.
Шавкат Рахмонов өз кезегінде 2026 жылдың ақпан айында жекпе-жекке дайын боламын деп есептейді.



