ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Қазақстандық клубтар футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңін бастайды

Қазақстанның «Семей» және «Қайрат» клубтары UEFA Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіндегі алғашқы матчтарына дайын.

«Семей» өз алаңында бүгін 19:50-де Польшаның «Пяст» командасын қабылдайды. Ал алматылық «Қайрат» сырт алаңда Бельгияның «Андерлехт» клубымен кездеседі.

Негізгі кезеңде «Семей» үшінші топта өнер көрсетіп, Чехияның «Хрудимін» 9:5 есебімен жеңді. Алайда франциялық «Этуальға» 3:4, испаниялық «Пальмаға» 4:7 есебімен жол берді.

«Қайрат» төртінші топта Косовоның «Приштина» командасын 4:1, хорватиялық «Ново Вриемені» 3:2 есебімен ұтты. Португалияның «Спортингінен» 2:7 есебімен жеңіліп қалды.

Матчтар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button