
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (23-3) Дохада (Қатар) өткен UFC Fight Night 265 турнирінде АҚШ өкілі Алекс Переспен (25-10) октагонға шықты.
Жеңіл салмақтағы бұл кездесу үш раундқа жоспарланған болатын. Үшінші раундта Алмабаев қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді.
Осылайша Асу Алмабаев ММА-дегі кәсіби мансабында 23-жеңісіне қол жеткізді. Ал Алекс Перес мансабындағы 10-шы жеңілісіне ұшырады.
Айта кетейік, бұған дейін отандасымыз Хосе Очоаны сенімді түрде жеңген болатын. Ал Перес соңғы жекпе-жегінде жапониялық Тацуро Таирадан техникалық нокаутпен жеңілген еді.



