ТЕННИСТРЕНДТЕ

Әмір Омарханов кәсіби турнирдегі алғашқы титулын жеңіп алды

Қазақстандық теннисші, 18 жастағы Әмір Омарханов Монастирде (Тунис) өткен ITF M15 турнирінің чемпионы атанды.

Финалда әлемдік рейтингте 824-орында тұрған германиялық Макс Шонхауспен кездескен Омарханов тартысты матчта басым түсті. Бірінші сетте қазақстандық спортшы 6:3 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте қарсыласы дәл сондай есеппен қайырды – 6:3.

Шешуші партияда Әмір табандылық танытып, 6:4 есебімен жеңісті жұлып алды.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасында әлемнің 2-ракеткасы саналатын Макс Шонхаус өткен аптада осы Тунисте өткен ITF M25 турнирінде топ жарған болатын. Дегенмен бұл жолы ол Омархановтан жеңілді.

Осылайша, Әмір Омарханов ересектер арасында өзінің кәсіби мансабындағы алғашқы титулына қол жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button