БОКСТРЕНДТЕ

Нұрбек Мұрсал бокстан Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық боксшы Нұрбек Мұрсал Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетті. Шешуші жекпе-жекте ол үндістандық Хитешпен қолғап түйістірді.

Үш раундқа созылған тартысты кездесуден кейін төрешілердің шешімі бойынша жеңіс жергілікті спортшыға берілді. Осылайша Нұрбек Мұрсал турнирді күміс жүлдемен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button