ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА

Жеңіл атлет Ирина Конищева Ислам ойындарында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық жеңіл атлет Ирина Конищева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының жүлдегері атанды.

Отандасымыз жетісайыс бағдарламасында үшінші орынға ие болды.

Конищева барлық жеті кезеңнің қорытындысында 5270 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды.

Алтын медальды 5562 ұпаймен Иран спортшысы Фатеме Мохитизаде иеленсе, Өзбекстан өкілі Угилой Норбоева 5488 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button