
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Зейнеп Баянова Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медаль жеңіп алды.
Отандасымыз 53 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін Тәжікстан спортшысы Ватансултон Шакаршоомен белдесті. Кездесу 14:3 есебімен Баянованың пайдасына шешілді.



