ТЕННИС

Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Теннистен Қазақстан командасының мүшесі Зарина Дияс Жапонияның Такасаки қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті.

Қазақстандық теннисші оңтүстіккореялық Со Хён Пакпен кездесіп, екі сетте де басым түсті. Қорытынды есеп — 6:4, 7:6.

Енді Зарина Дияс ширек финалда жапониялық Химено Сакацумеге қарсы ойнайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button