ТЕННИСТРЕНДТЕ

Рыбакина Әлемдік теннис лигасына (WTL) қатысады

Қазақстандық теннисші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина 17–20 желтоқсан аралығында Үндістанның Бангалор қаласында өтетін Әлемдік теннис лигасына (WTL) қатысады.

India Today таратқан ақпаратқа сәйкес, Уимблдон чемпионымен қатар бұл жарыста әлемдік теннистің бірқатар жұлдыздары бағын сынайды.

Турнирге Даниил Медведев (Ресей), Ник Кирьос (Аустралия), Паула Бадоса (Испания), француз спортшылары Гаэль Монфис пен Артюр Фис, Польшадан Магда Линетт, украиналық Марта Костюк, сондай-ақ Үндістан өкілдері Рохан Бопанна мен Сумит Нагал қатысады.

Елена Рыбакина турнир туралы ойын былай жеткізді:
— Үндістандағы теннис мәдениеті туралы көп естідім. WTL жарысында алғаш рет ойнайтыныма қуаныштымын. Лиганың форматы өте қызықты. Командаммен бірге әр сәтті сезініп, жақсы ойын көрсетуге дайынмын, — деді ол.

Айта кетейік, WTA қорытынды турнирінде жеңіске жеткен Рыбакина үшін бұл жарыс жылды қорытындылайтын соңғы дода болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button