QAZAQSTAN KOKPAR CUP: жартылай финалға шыққан төрт команда анықталды

Шымкент қаласында көкпардан клубтық командалар арасындағы алғашқы республикалық QAZAQSTAN KOKPAR CUP турнирі өтіп жатыр.
17 қазанда басталған жарысқа еліміздің өңірлерінен іріктелген жеті команда қатысуда. Командалар екі топқа бөлініп, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
А тобының қорытындысы бойынша Қазығұрт пен Шымкент командалары жоғары нәтиже көрсетіп, жартылай финалға өтті.
В тобында Аманат-Шу және Меркі-Қант өз топтарында үздік атанып, келесі кезеңге жолдама алды.
21 қазан күні өтетін жартылай финалдық жұптар:
Қазығұрт – Меркі-Қант
Аманат-Шу – Шымкент
Жеңімпаздар финалда кездеседі, ал жеңіліс тапқан командалар қола жүлде үшін сынға түседі.
Турнир Шымкент қаласындағы Орталық ипподромда өтіп жатыр.
Кіру – тегін.
Жартылай финал ойындары:
📅 21 қазан
⏰ 10:00
📺 Qazsport арнасында – тікелей эфир
Турнир демеушілері мен серіктестері:
Бас демеуші: Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры
Бас серіктес: Спортты қолдау қоры
Ақпараттық серіктестер: Qazsport және 24KZ телеарналары
Жалпы жүлде қоры: 28 500 000 теңге.



