
Шайбалы хоккейден 2025 жылғы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасының нақты тізімі белгілі болды. Құрлықтық дода 20–23 қараша күндері Қытайда өтеді.
Ұлттық құраманың негізгі тізіміне 23 хоккейші — 20 ойыншы және үш қақпашы кірді.
Қақпашылар:
Роман Калмыков («Номад»), Антон Осокин («Құлагер»), Владислав Пестов («Торпедо»).
Қорғаушылар:
Степан Александров, Владимир Гребенщиков (екеуі де — «Торпедо»), Данил Бутенко, Мәди Диханбек, Кирилл Никитин (барлығы — «Номад»), Эдуард Михайлов, Иван Степаненко (екеуі де — «Сарыарқа»), Бейбарыс Оразов («Барыс»).
Шабуылшылар:
Олег Бойко, Артур Гатиятов, Диас Гусейнов, Саян Данияр, Александр Мигунов (барлығы — «Номад»), Александр Борисевич, Артём Лихотников (екеуі де — «Сарыарқа»), Максим Мусоров («Торпедо»), Роман Старченко, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов (барлығы — «Барыс»), Денис Чапоров («Арлан»).
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үздік нәтиже көрсетуге ұмтылады.



