БОКС
Боксшы Сұлтанбек Айбарұлы Әлем кубогының финалына жолдама алды

Қазақстандық боксшы Сұлтанбек Айбарұлы Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде финалға шықты.
Отандасымыз 85 келіге дейінгі салмақта алтын жүлде үшін бақ сынайды.
Жартылай финалда Айбарұлы Оңтүстік Корея спортшысы Ким Дахенді төрешілер шешімімен жеңді. Кездесу кезінде қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді.
Финалда Сұлтанбек Айбарұлы өзбекстандық Жасурбек Юлдашевқа қарсы жұдырықтасады.



