
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Нодира Ахмедова Дохада (Қатар) өткен беделді халықаралық турнирде үздік шықты.
Отандасымыз 53 келіге дейінгі салмақта жарысқа қатысып, финалға дейін сенімді жетті. Шешуші сынға шыққан Ахмедова қарсыласы Леня Камкасумфоны айқын басымдықпен жеңіп, турнирдің басты жүлдесін жеңіп алды.
Айта кетейік, Нодира Ахмедова бұған дейін өткен әлем чемпионатында қола медаль иеленіп, өз мүмкіндігін тағы бір мәрте дәлелдеген болатын.



