ФУТБОЛ

Қазақстан U21 басымдықты сақтай алмады

Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кезекті ойында Қазақстан U21 құрамасы сырт алаңда Словакия U21 командасымен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесудің 11-минутында Бағдат есеп ашып, қазақстандықтарды алға шығарған еді. Алайда алаң иелері екінші таймда басымдықты өз қолына алып, Фиала 52 және 60-минуттарда екі гол соғып, матч тағдырын шешті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button