
Орта салмақтағы WBO, IBF және WBA белбеулері үшін өтетін біріккен жекпе-жек алдында қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (Qazaq Style) допинг сынамасын сәтті тапсырды.
Спортшы бұл туралы өз Instagram парақшасында хабарлап, қан сараптамасының суретін жариялады.
«Мен әрдайым таза спортты қолдаймын. Допинг қолдануға қарсымын. Біз VADA-ға тест тапсырдық, кеше нәтижесі келді – бәрі таза», – деп жазды Әлімханұлы.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы қазіргі таңда орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Ол 6 желтоқсанда АҚШ-тың Сан-Антонио (Техас штаты) қаласында WBA чемпионы Эрисланди Ларамен кездеседі.
Сол бокс кешінде сондай-ақ Ламонт Роуч пен Исаак «Питбуль» Крус арасындағы жекпе-жек те өтеді.



