АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Нұрғиса Әділетұлы Ислам ынтымақтастығы ойындарының үш дүркін чемпионы атанды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрғиса Әділетұлы Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында үш алтын медаль иеленді.
94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы серпе көтеруде 210 келіні еңсеріп, бірінші орын алды. Сонымен қатар қоссайыс нәтижесі бойынша 385 келімен топ жарды.
Бұған дейін Нұрғиса Әділетұлы жұлқа көтеру сайысында 175 келіні бағындырып, алтын медаль иеленген болатын.
Осылайша қазақстандық зілтемірші Ислам ойындарының үш дүркін чемпионы атанды.



