Спорт Министрі | Аңсар Ниетқалиев қатарынан үш ITF Juniors турнирінде жеңімпаз атанды
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Аңсар Ниетқалиев қатарынан үш ITF Juniors турнирінде жеңімпаз атанды

14 жастағы қазақстандық теннисші Аңсар Ниетқалиев жасөспірімдер арасында қатарынан үш ITF Juniors турнирінде топ жарды.

Алдымен ол Түркияның Бурса қаласында өткен J30 санатындағы жарыстың финалында жергілікті спортшы Берке Окумусты 6:2, 6:0 есебімен жеңді.

Келесі аптада Адана қаласында өткен турнирде жұптық сында отандасы Хақназар Жеткербаймен бірге түркиялық Гюлер/Кония жұбын финалда 6:7 (5:7), 6:3, 10:8 есебімен ұтты.

Үшінші жеңісіне Аңсар Алматыда жаңадан ашылған «Алатау» теннис орталығында өткен J60 Almaty Open турнирінде қол жеткізді. Финалда ол тағы бір қазақстандық теннисші Олжас Есеналыны 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button