Спорт Министрі | Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы 2026 жылдан бастап 16 командаға дейін кеңейтіледі
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы 2026 жылдан бастап 16 командаға дейін кеңейтіледі

Қазақстан Премьер-лигасында 2026 жылдан бастап 16 клуб ойнайтын болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстан Футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория мәлімдеді.

– 2026 жылдан бастап Премьер-лига құрамын 16 клубқа дейін кеңейту туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ 2028 жылға дейін легионерлерге арналған лимит 12-ден 8 ойыншыға дейін біртіндеп қысқартылады. Қазақстан құрамасының Солтүстік Македония, Уэльс және Лихтенштейнге қарсы үй матчтарында 82 722 көрермен жиналды. Бұл – халықаралық ойындарға деген жоғары қызығушылықтың айғағы, – деді Лория.

Оның айтуынша, ұлттық құраманың биылғы соңғы ойыны 15 қарашада Бельгияға қарсы өтеді. Кездесуге стадион толы жанкүйер келеді деп күтілуде.

Сонымен қатар, Давид Лория Қазақстан футболының халықаралық жетістіктеріне де тоқталды:
– 2025 жылы «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты. Ал «Астана», «Ордабасы» және «Ақтөбе» клубтарының еурокубоктағы нәтижелері арқасында еліміз УЕФА рейтингінде 39-орыннан 34-орынға көтерілді.

Қазақстан 2027 жылы футзалдан 19 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін қабылдайды. Сонымен қатар, федерация 2028-2029 жылғы маусымда УЕФА Конференция лигасының финалын өткізуге ресми өтінім берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button