
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартқан әлемдік рейтингте мансабындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді.
Ол үш саты жоғарылап, қазір 13-орынға көтерілді. Бұл – қазақстандық спортшының жеке рекорды.
Бублик соңғы аптада Парижде өткен «Мастерс» турнирінің жартылай финалына дейін жетіп, әлемнің сегізінші ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссимнен ұтылған болатын.



