
Қазақстандық «Қайрат» футзал клубы UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңін жеңіспен аяқтады.
Үшінші турда алматылық команда Косовоның «Приштина» клубымен кездесіп, 4:1 есебімен басым түсті.
Кездесудің 6-минутында Біржан Оразов есеп ашты, ал 17-минутта Кевин Аррьета басымдықты еселей түсті. 22-минутта Ромуло өз қақпасына гол соғып алғанымен, 30-минутта Оразов тағы бір мәрте мергендік танытты. 34-минутта Оливейра Да Силва соңғы нүктені қойды.
Осылайша алматылықтар топтық кезеңді екі жеңіс және бір жеңіліспен, 6 ұпай жинап, өз тобында екінші орынмен аяқтады.
Айта кетсек, бұған дейін «Қайрат» хорватиялық «Ново Вриемені» 3:2 есебімен жеңіп, Португалияның «Спортингінен» 2:7 есебімен ұтылған болатын.



