Спорт Министрі | Футзал: «Семей» Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне жолдама алды
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Футзал: «Семей» Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне жолдама алды

Қазақстандық «Семей» футзал клубы UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңін сәтті аяқтап, элиталық раундқа шықты.

Үшінші турда семейліктер турнирдің былтырғы чемпионы — испаниялық «Пальма» клубымен кездесіп, 4:7 есебімен есе жіберді.

Матч басында қарсылас команда белсенді бастама көтеріп, 2-минутта Лукас Машадо есеп ашты. 5-минутта Камиль Герейханов өз қақпасына гол соғып алды. «Пальма» сапынан Алиссон 11, 18 және 19-минуттарда хет-трик жасады, ал Лин 13-минутта тағы бір гол соқты.

Семейлік ойыншылар да нәтижелі қарсы шабуылдар ұйымдастырды — Марсело (10, 21-минуттар) мен Бруно Гомес (13, 33-минуттар) төрт доп соқты. Ал Габриэль Кандидо 31-минутта кездейсоқ өз қақпасына гол соғып алды.

Осылайша ойын 4:7 есебімен аяқталды.

Дегенмен, топтық кезеңде 3 ұпай жинаған «Семей» өз тобында үшінші орын иеленіп, Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне жолдама алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button