Спорт Министрі | Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирін жеңіспен бастады
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирін жеңіспен бастады

Әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстандық теннисші алғашқы матчта әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Аманда Анисимованы 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Кездесу небәрі 58 минутқа созылды.

Ойын барысында Рыбакина жеті эйс жасап, бір ғана қос қателікке жол берді және бес брейк-пойнттың төртеуін тиімді пайдаланды.

Келесі ойында Елена Рыбакина Серена Уильямс тобы аясында әлемнің екінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекке қарсы күш сынасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button